8.02.2023, 9:00
Оқылды: 56

Сайлау науқанына әзірлік пысықталды

Баршаңызға белгілі 2023 жылғы 19 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депуттарының кезектен тыс сайлауын өткізілмек. Күрделі әрі ерекше болғалы тұрған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыстар басталып,  бүгінгі таңда жер-жерде қарқын алуда.  Осы орайда Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудан көлемінде аталған сайлауға әзірлік жұмыстарының барысы туралы жиын өтті. Жиынды аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ашып,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев сайлауалды жұмыстардың барысын тиянақты баяндап берді.

сайлау

«Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызына тағайындалғанын білесіздер. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының алдағы кезектен тыс сайлауы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген түзетулерге сәйкес жаңа форматта өтетін болады. Заң "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңымен қабылданды. Осыған байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қаулысымен аудандық мәслихат депутаттарын сайлауы бойынша 10 округ және округтік комиссиялар құрылып, күнтізбелік жоспары бекітілді.  Ол аудандық газет және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланды», - деген Нұрлыбек Есенұлы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарды,  учаскіге бекітілген аумақтық, учаскелік комиссия төрағаларымен мүшелерінің міндеттерін тағы быр пысықтап өтті.

WhatsApp Image 2023-02-07 at 13.17.13(1)

 

2023 жылғы 2 ақпанға дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы да толық жарияланды. Ендігі кезекте бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі таңда өтініштер қабылданып, құжаттары тіркелуде.

Ескерте кеткен жөн, Мәслихат депутаттығына кандидаттар, міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынулары тиіс.

Бүгінгі күнге 29 кандидаттың 28-і сәйкестендірілген. Кандидаттарды тіркеу 20 қаңтарда басталды және 18 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну округтік сайлау комиссияларының негізгі жұмыс болмақ.

Жиында аудан әкімі Әлия Биғазықызы, әсіресе ауылдық жерлерде халықпен түсінік жұмыстарын мұқият жүргізу, сайлауға қатысу және территориалдық түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында әрбір учаске аумағын БАҚ беттерінде жариялап, әлеуметтік желіде түсіндіріп отыруды міндеттеді.  Аудандағы сайлау жұмысына үлкен әзірлікпен келу, тиянақтылық туралы аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисенбаев, аудан әкімдігі аппарат жетекшісі Темірболат Сағынгереев айтып өтіп, әрбір округ әкімдерінің әзірліктері туралы есебі тыңдалды.

Осы жиынға қатысқан аудан прокуроры Серік Орынғалиев учаскелік комиссиялардың  кей кезде орын алатын ситуациялық жағдайларға да әзір болып, ең алдымен тыныштықты сақтауға шақыру және әрі адамның құқығына кереғар болатын әрекеттерден сақ болу, заң шеңберінде жұмыс жүргізуді ескертті.

Науқанға әзірліктің бірі - бұл сайлау өткізілетін жердің жағдайы. Мысалы, кабиналар, баннер, бильбордтар, ақпараттық түсіндіру жарнамалары, шақыру қағаздары, тіпті сайлау өтетін нысандағы  ту мен басқа да атрибуттардың ережеге сай болуы маңызды. Сондай-ақ осы жиында сайлау кезіндегі табиғаттың құбылмалы болуына да алдын ала әзір болу қажет. Боран, жаңбыр болған кезде,  жол, байланыс құралдарының жай-жапсары ескерілуі тиіс.

 

        Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале