Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Жаңақала ауданына келді.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев қызметтік сапарын Мәстексай ауылдық округінен бастады. Сонымен қатар аталған ауылдағы жаңадан ашылған мәдениет ошағының тыныс тіршілігімен танысты. Одан әрі І топ мүгедегі Мырзабек Қатимуллин өңір басшысының жеке қабылдауына кіріп, мүгедектігіне байланысты, дәрігерлерге бару үшін қалаға жиі қатынайтынын, жол жүру қиын екендігін сол себепті де қаладан үй керектігін айтып, Мәстексай ауылында өзі салып жатқан оңалту орталығының құрылысын аяқтауға көмек сұрады.
Облыс әкімінің халықпен кездесуі Жаңақала ауылында орналасқан мәдени-демалыс орталығында жалғасады.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz