9.02.2023, 9:15
Оқылды: 48

«Ақсақалдар кеңесі» болып өзгерді  

Өңіріміздегі қоғамдық келісім кеңесі енді биылдан бастап «Ақсақалдар кеңесі» болып өзгерді. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов мәлімдеді.

IMG_0479

Сейсенбі күні Достық үйінде қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің қорытынды отырысында бүгінге дейін жасалған жұмыстардың нәтижесі айтылды.

– Атап айтқанда, өткен жылы қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің бастамасымен орыс тіліндегі бірнеше көше атауы қазақшаланса, тұрғындардың арыз-шағымы негізінде көшелерді жарықтандыру, дәріханалардағы бағаларды бақылауға қатысты рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесі өз жұмысын тоқтатады. Оның орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі құрылып, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласпақ, – деп сөзін сабақтаған Медхат Мұсаұлы ақсақалдар кеңесінің құрылымы мен маңыздылығына тоқталды.

Отырыста қоғам белсендісі Болат Шәкімов өңіріміздегі сағат белдеуін бұрынғыша өзгерту қажеттігі туралы ойын ортаға салды.

– Біз географиялық белдеу бойынша алдыңғы орындамыз. Бұл таңертең ерте тұрып, қараңғыда мектеп пен балабақшаға баратын балалардың ағзасының дамуына да өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар таң қараңғысында ерте жұмысқа кірісетін кәсіпорындарда энергияны тұтыну жағынан үнемді және тиімді емес. Сонда Алматымен уақыт айырмашылығы бір емес, екі сағат болады. Бар болғаны бір сағат болса да, көп мәселені шешеді, – деп  атап өтті Болат Әділұлы. Бұл ұсынысқа қатысты кеңес мүшелері де өз ой-пікірін білдірді.

Осы аптадан бастап «Ақсақалдар кеңесі» құрылып, қызметіне кіріспек. Алдағы уақытта ақсақалдар кеңесі қалалық ассамблеяның жұмысына көмек көрсетумен қатар, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің уақтылы шешімін табуына үлес қоспақ.

Гүлжамал  Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале