Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының арасында спорттық спартакиада өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев елге келген жастарға “қош келдіңіз” айтып, құттықтау сөз сөйледі. Спартакиадаға облыстық және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының ұжымынан бөлек 8 ауданның жастары қатысты.
Жайық жастары арқан тарту, волейбол, садақ ату, үстел теннисі, көңілді эстафета кезеңдері бойынша өзара бақтарын сынады.
Аталған кезеңдер бойынша жеңімпаздарды аудандық ресурстық орталық басшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерді кубок, диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Айжан Бауыржанқызы,
zhaikpress.kz