10.02.2023, 9:15
Оқылды: 59

Алматыда реставрация және консервация орталығы ашылды

Алматыда Ғылым ордасында «Реставрация және консервация орталығы»  ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Бұл туралы министрліктің сайтында хабарланды.

82165aae8992308f6759f43fefade363_1280x720

Ғылыми орталықтың елімізде аналогы жоқ, ол Германия, Италия, Ресей, Қытай, Жапония елдерінен жинақталған 65 заманауи құрал-жабдығымен қамтамасыз етілген.

Орталық бес бөлімнен тұрады: химиялық лаборатория, реставрациялық бөлім, түптеу және карантин бөлімі, ғылыми-зерттеу, фотофиксация бөлімдері. Аталмыш бөлімдерде қағаз және өзге де материалдардың құрылымына, сия ерекшеліктеріне химиялық-микробиологиялық зерттеу жүргізу, кітаптар мен құжаттарды сақтауға арналған қышқылсыз картоннан жасалған микроклиматтық қораптарды жасау жұмыстары жүргізіледі.

59a28094a80e85c4a118bda8bf0dca1f_1280x720

Іс-шарада министр Саясат Нұрбек орталықтың маңыздылығы мен ғылым саласына қосар үлесін атап өтті.

4ea24faba82502135bb50f38b4a46a47_1280x720

«Кез-келген дамыған қоғамның басым бағыттарының бірі – білімді сақтап қалу. Бүгін Қазақстанда бірінші рет толық циклды, яғни кітапты өңдеп, тазалап, бес деңгейден өткізіп, мұқабасына дейін жасап шығаратын орталық ашылып отыр. Бұл орталықтың ғылым-білім саласына қосар үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда кадр дайындау мәселелерін де қарастырып жатырмыз», - деді министр.

5a56ae62a0cf8d210c829bfe8bc9b861_1280x720

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале