Мәжіліс депутаттарын, әрі облыстық, аудандық мәслихат депуттарын да, біз халық болып сайламақпыз. Ендігі кезекте, біздің сайлайтындарымыз іріктелмек. Өзі өмір сүріп, еңбек етіп, отбасын құрап, бала-шағасын бағып отырған әрі адал еңбегімен, ауылдастарына деген жанашырлық, отансүйгіштік қасиеттерімен танылып жүрген азаматтар мен азаматшалар таңдалады деген сенімдемін. Менде 19 наурыз күні болатын сайлауға қатысып, даусымды беріп, азаматтық және адами таңдауымды білдірмекпін.
Айналамдағы аралас-құралас жандарыма, туыстарыма да биылғы сайлаудың мән-мағынасын, ерекше екендігін айтудамын.
Сол себепті ауыл тұрғындары ұйымшылдықпен қатысамыз.
Тілекші Киреев,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz