10.02.2023, 10:45
Оқылды: 54

Қазақстандық құтқарушылар Түркия Республикасында 7 адамды құтқарды

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркиядағы төрт учаскеде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

de954a9d53e5fba6ad3b54b2cb3573d8_1280x720

Қайтыс болған 14  адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері запдап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

InShot_20230210_103807338

Газиантеп қаласы бірінші эшелонның жұмыс жүргізу ауданы болып белгіленді. Мұнда жұмыстар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жүргізілуде.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған, кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 4 қаза тапқан әйелдің денесі шығарылды.

InShot_20230210_103754680

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Ғимараттың 3-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді, қайтыс болған 5 әйелдің денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған әйелдің денесі шығарылды.

Екінші эшелон үшін іздеу орны Нурдагы - Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді. Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Хатай елді мекеніне құтқарушылар тобы және кинологиялық есептоптар жіберілді. Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.

Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта осы объектіде үйіндінің астынан қайтыс болған үш адамның денесі шығарылды, оның бірі – Қазақстан азаматы, екеуі – Түркия азаматы.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале