13.02.2023, 11:00
Оқылды: 13

Әдеби кеш өтті

Балалар поэзиясына алпысыншы жылдары келген ақындардың қай - қайсысы да алғашқы шығармашылық қадамдарын жемісті бастады. Солардың қатарында Ермек Өтетілеуұлы да бар. Ақын поэзиясында өскелең ұрпақтың таным-білім аясын кеңейтуге қызмет қылатын туындыларымен бірге, ойнай отырып ойландыратын, бала бойында тапқырлық, адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге құштарлық, тағы басқа да жақсы мінездердің қалыптасуына әсер ететін шығармалары жеткілікті.

фото Тағылымды

Ермек Өтетілеуов – 1938 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1957 жылы алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, кейін орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алып шығады. Ол «Шамшырақ нұры», «Балдырған», «Жазушы», «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарады. «Өсіп келе жатырмыз» өлеңдер жинағы «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы тағы басқа кітаптары бар.

Жуырда аудандық балалар кітапханасында балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының 85 жылдығына орай «Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз!» тақырыбындағы әдеби кеш өтіп,  2 ә сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында кітапханашы бала Ермектің балалар әдебиетіне қалай келгенін баяндап берді.

Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік – әдемілік» атты кітабы бойынша әдептілік әлеміне таңғажайып саяхат жасады.

Тәрбиелік мәні зор, әдемі безендірілген бұл басылымнан балалар үйде, қонақта, мектепте, көшеде өздерін қалай ұстауды үйреніп, уақытында айтылған жылы сөздің қандай қасиеті барлығын түсінді.

Ақынның «Біздің үйде», «Қайсысы дұрыс?, Қайсысы бұрыс?», «Ойыншықтар» атты жұмбақ өлеңдері жасырылды. «Екі дос», «Анама», «Ата тілегі», «Жеті күн», «Отбасым» өлеңдері жатқа оқылды.

Г.Айтжанова,

Шыңғырлау аудандық балалар

 кітапханасының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале