14.02.2023, 12:30
Оқылды: 62

«Музейге сый» акциясы өткізілді

Бөрлі ауданында дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өткізілді. Айта кетейік, алдымен әр мектеп  жәдігерлер жинақтап, кейін ауданда өткізілетін акцияның қорытынды кезеңінде көпшілікке көрсетеді.

МУЗЕЙЙ

Бүгінде аудандық Жас туристтер станциясы жанынан «Өлкетану» бөлімі жұмыс жасайды. Аудандағы 24 білім беру нысанында мектеп музейі  бар. Олар жыл сайын жаңа жәдігерлермен толығып отырады. Аталғын акция биыл да жалғасын тауып, қорытындысы Ақсай қалалық №2 мектебінде өтті.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ел арасында елеусіз жатқан құнды жәдігерлерді музейлерге ұсыну арқылы мектеп музейінің қорын толықтыру мақсатында өткен шарада барлық мектеп өздері жинақтаған жәдігерлерін көрерменге ұсынды.

Мәселен,Успен мектебінің тарихи-өлкетану музейі көне жәдігер -  Құран кітабын алып келді.  Өткен ғасырдың басында жарық көрген қасиетті мұраны осыдан 50 жыл бұрын үйіне сақтаған Кабдешевтар отбасы тапсырған.

ҚҰРАН КІТАП, МУЗЕЙГЕ

-Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Оның аудар­масы әлемнің 100-ден астам тілінде бар. Ал бұл кітап 114 сүреге жинақ­талған 6 200 аяттан тұрады. Құран­ның көне көшірмесі бүгінге дейін толық күйінде сақ­тал­маған, сырты матамен қапталған, кітап ішіндегі беттері сарғайған, кейбір беттері жыртылған. Уақытында қолданған адам көк сия қаламсаппен белгілер қойған. Сондай-ақ көк иреленген жіппен оқыған беттерін белгілеп отырған. Кабдешевтар отбасы жаңа дүниеге келген сәбилер бесігінің басына салып бәле жәледен, ауру сырқаудан қауіп қатерден сақтасын деп қолданған. Ішіндегі араб тілінде жазылған жазуды оқи білмеседе, арасында әр парағын ашып қолдарымен сипап сиынып жүргендерін баяндады,  - дейді музей жетекшісі Гүлайман Шайхиева.

Ал Кеңтүбек мектебі ескі құмыраны таныстырды. Бұл жәдігерді музейге сыйға тартқан ауыл  тұрыны Ақиіс Бабенко екен. Салмағы 1 келі 400 грам болса,  биіктігі 23 см. Балшықтан иленіп одан отқа салып күйдірілген. Күйдірілген балшық мың градуста қыздырылғанда қышқа айналады. Бұңдай ыдыстарда тағамдар және сұйықтар ұзақ уақытқа сақталады.

МУЗЕЙ

- Ақиіс апайдың айтуынша құмыра XIX ғасырдың соңында жасалған. Ауылымызға 1910 жылы Украинадан көшіп келген арғы аталары Алексей Мирошниченкоға тиесілі зат екен. Содан атадан балаға мұра болып келеді. Қазіргі кезде мектебіміздің қорында сақтаулы тұр, - дейді музей жетекшісі Батыржан Ганиев.

 4b5d7b0a-2152-435d-9223-904435882766

Қорытынды кеш барысында жиналған жәдігерлерді экскурсоводтар таныстырды. Көрмеге педагогика саласында қызмет жасаған ардагер-ұстаздар, аудандық өлкетану музейінің, аудандық бөлім беру бөлімінің мамандары, еңбек ардагерлері қатысты. Көрме соңында барлық мектеп музейінің белсенділері алғыс хатпен марапатталды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале