14.02.2023, 15:16
Оқылды: 65

Түркиядағы зілзала: қазақстандық құтқарушылар іздеу жұмысын жүргізіп жатыр

Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 80  адамның, оның ішінде 7 баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлады. 

4d8f28e9-4732-4780-a463-c815c73b67ee

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Газиантеп қаласы бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жүргізілуде.

Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 22 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.

431c4bd0-3680-4161-94e1-49b40c2e592b

Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды.

Қазақстанн ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтап, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтады.

76f7904e-cfbc-4d73-8b61-0ee2971d5c01

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығарғанда уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Олар дереу медициналық қызметкерлерге жеткізілді. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланылуда. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді.

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале