Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.
Әділет министрі Түркиядағы табиғи апатқа байланысты Елшіге көңіл айтты. Кездесуде тараптар елдер арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.
Министр «Digital Justice – цифрлық әділет» бағдарламасы шеңберінде әділет органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Сайлау заңнамасы, Конституциялық Сот институттары және адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық түзетулер туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.