15.02.2023, 9:15
Оқылды: 57

Аудан тұрғындары сұрақтарына жауап алды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданында өткен есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан он екі сұрақ қойылды.

IMG-20230215-WA0019

 

Олар негізінен жол, жанар-жағар май, газ, мектеп мәселелеріне қатысты сұрақтар. Мәселен, Дариян ауылы тұрғыны Рахила Бабақожа ауданға қарасты Көшім, Макаров, Щапов, Достық ауылдарында мәдениет үйінің жоқтығын,  бұл мәдениет нысандарының жобалары дайын екенін айтып, олардың тезірек бойкөтеруіне ықпал жасауын сұрады.

IMG-20230215-WA0021
-Ауылға мәдениет үйі әрине керек. Ауылдың дамып, өркендеуі үшін мәдениет үйінің атқарар рөлі зор. Мәдениет нысандарының салынуы қашанда назарымызда. Десек те оларың бәрі биыл салынады деп айту қиын. Бюджеттің мүмкіндігіне байланысты іс қылатын боламыз, - деп жауап берді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
«Матевосян» шаруа қожалығының басшысы Александр Матевосян тұрғындардың малы егістігіне жиі түсетіне, мал иелерінің жауапсыздығына наразы.

- Бұл мәселе жайында Парламент Сенаты депутаттарына арнайы хат етіп жазған болатынбыз. Алай әлі күнге дейін ешімін таппай келеді. Астық – ел байлығы. Әрқайсымыз соны қорғауға міндеттіміз деп ойлаймын. Облыста осындай жағдай жиі орын алып тұрады. «Мал егінге түсті» дегені естіп барғанша малдар кетіп қалады. Әсіресе жылқылар да үйренген, алыстан көрсе қашып кетеді, - деген ол бұл жайтқа орай облыс басшылығынан шара қолдануын сұрады.

IMG-20230215-WA0018
Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин алқапта түскен малды иесіз деп танып, зардап шегуші ол малдарды өз атына заңдастыру немесе әр мал басына көп мөлшерде айыппұл салынса ғана оған тоқтау болатынын айтты.
-Сөздің шыны керек малдың иелері көбіне мұны мойындамайды. Ешқандай чип, нөмірі болмаған соң, бізге оны дәлелдеу қиынға соғады. Тәртіп бұзушыларға қатаң жаза қолданбай, бұл мәселенің шешілуі екіталай. Сол себепті бұл мәселені жаң тұрғысынан реттеу керек, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

IMG-20230215-WA0020
Дариян ауылдық округіне қарасты Озерное ауылынан келген төрт баланың анасы Арайлым Мұхамедиярқызы осыдан он шақты жыл бұрын оқушылардың аздығына байланысты ауылдағы мектептің 10-11-сыныптар жабылып қалғанын, қазіргі таңда мектептің өзі апатты жағдайда тұрғанын, салынған биыл 62 жыл болған білім ұясы содан бері күрделі жөндеу көрмегенін айтып, көмек сұрады.
Аудандық СЭС-тің басшысы Аят Үмбеталиев мектеп төтенше жағдайда тұрғандықтан, талаптарға сәйкес келмегендіктен мектепке лицензия берілмегенін айтты.
-Бұл мәселеге басқа қырынан келсек, ол жерде бүгінде балалар оқып жатыр. Мұны біз де, облыстық білім басқармасы да біледі. Жақында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары келіп Озерный мектебінің жағдайымен танысып кетті. Сол себепті біз бұл мәселені бірігіп шешеміз. Жалпы қазір аудан бойынша саман тастан салыған мектептер аз емес. Біз солардың орнына жаңа мектеп салу жөнінде ұсынысты орталық атқарушы құрылымдарға жібердік. Рұқсат берілсе, олардың орнынан жаңалары салынады, - деді Марат Лұқпанұлы.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале