16.02.2023, 12:00
Оқылды: 25

Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік басқаруды дамыту және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

13-14 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары шеңберінде Shaping Future Governments (Болашақ үкіметтерді құру) тақырыбында өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитіне қатысты, деп жазады primeminister.kz.

54345386876

Фото: primeminister.kz

Шараға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, жетекші халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы беделді сарапшылар, сондай-ақ 280 астам үкіметтік делегация мүшелері қатысты.

Саммит аясында Ғ. Қойшыбаев «Тәжірибе алмасу форумы» тақырыптық сессиясында сөз сөйледі, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әріптесі, БАӘ Министрлер кабинеті істері министрі Мұхаммед Абдалла Әл-Гергавимен Мемлекеттік басқаруды дамыту және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар сапар аясында Ғалымжан Қойшыбаев Дубай Сауда-өнеркәсіптік палатасының, Ayana Holding және Metito компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстанда бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады және өзара ықпалдастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойды.

Әр жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік үкіметтік саммит  2013 жылы БАӘ Вице-президенті – Премьер-Министрі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның бастамасымен құрылған.

Саммит үкіметтік процестер және осы бағыттағы саясат, инновациялық технологиялар төңірегінде жаһандық деңгейде талқылау жүргізу үшін үкімет басшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, саясаткерлер мен жеке сектор жетекшілерін біріктіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале