15.02.2023, 15:59
Оқылды: 67

Сырым ауданының ауруханасы күрделі жөндеуден өтпек

Сырым ауданының орталығы Жымпитыдағы аудандық аурухана ғимараты 1978 жылы салынған.
image-15-02-23-03-47-1
Нысан 2008 жылы күрделі жөндеуден өтті. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның маңдай тірейтін қабырғасы, өмір мен өлімнің, сырқат пен саулықтың ашық айқасатын аренасы қазір азып-тозған күйде. Кәріз жүйесі шіріп бітті. Жеделсаты жоқ. Науқастарды жақындары мен медбикелері үшінші қабатқа зембілмен көтеріп, шығарып жүр.
image-15-02-23-03-47-2
Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев аудандық ауруханаға арнайы соғып, жай-күйімен танысты. Денсаулық үйінде бүгінгі таңда 26 дәрігер, 182 орта буын қызметкер жұмыс жасайды. Орталыққа 15 770 науқас тіркелген. Кадр қажеттілігі күрделі деңгейге жеткен. Атап айтсақ, ауданға дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер анестезиолог-реаниматолог, педиатр, хирург, онколог, трансфузиолог-, терапевт, ФГДС маманы керек. Бұдан бөлек, 4 бірдей жалпы тәжірибе дәрігеріне сұраныс бар.​
Тағы бір күйіп тұрған мәселе - ауылдарға "Жедел жәрдем" қызметін көрсету үшін 3 жаңа көлік қажет.​
image-15-02-23-03-47-4
Нариман Төреғалиев аурухананың күндізгі стационарын, әкімшілік және қабылдау бөлмелерін аралап көріп, жаңа аппараттармен танысып, күн тәртібінде тұрған - Сырым аудандық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеу мәселесін мақұлдады. Өңір басшысы Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалыбековке жобалық - сметалық құжаттарды даярлап, бекітуге ұсынуды тапсырды.
Былтырғы есеп беру кездесуінде аурухана лифт орнату мәселесі айтылған еді. Арман Қалыбековке жобаға жеделсаты да енгізілгенін айтты.​
Бауыржан Ширмединұлы,​
Фото: Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz​
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале