Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова және Дүниежүзілік банктің жаңадан тағайындалған Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Фото: gov.kz
Кездесу барысында 2014 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде атқарылған бірлескен жұмыстар пысықталды.
Өзара іс-қимыл нәтижесінде барлығы жеті заң әзірленген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.