17.02.2023, 10:15
Оқылды: 48

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның жария тыңдауы өтеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу энергиясын, өндіру, беру және онымен жабдықтау қызметтеріне 2023-2028 жылдарға арналған шекті тарифін және тарифтік сметалар жобаларын қарау бойынша жария тыңдауды өткізеді.

 

 

жылукуат

 

Жария тыңдау 2023 жылғы 24 наурызда сағат 15:00-де                     БҚО, Орал қаласы, Карбышев көшесі, 60 үй,  Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар мәдениет сарайы» МКҚК-да өтеді.

Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау Facebook  әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетіледі.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтемеге өтесіз.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112) 24 06 44.

        

 

 

Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

 Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО-дағы департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале