"Бізде оқытылмаған немесе керекті деңгейде берілмеген 654 курсты қарап шықтық. Соларды келесі жылы толыққанды қазақ тіліне аударамыз. Жылдың соңына дейін 51 курс қазақ тіліне аударылады. Келесі жылдың қаңтарынан бастап қазақ тілінде ұсынылады", – деді Саясат Нұрбек.
Қазіргі уақытта жаһандық білім беру платформасының 50 курсы қазақ тілінде қолжетімді, олар бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және басқа да салаларды қамтиды.
Coursera-бұл Австралиядан АҚШ-қа дейінгі 28 елдің жетекші әлемдік университеттерінің курстары жинақталған онлайн білім беру платформасы.
Платформаны 2012 жылы Стэнфорд университетінің профессорлары Дафна Коллер мен Эндрю Ын құрды.