17.02.2023, 17:45
Оқылды: 30

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрінің қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

0f58967151cb8628b0df3b84fb28648a_1280x720

Фото: gov.kz

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерімен бөлісті. Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен болатын. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале