20.02.2023, 10:45
Оқылды: 43

Бюджет қаражатынан жабылатын шығыстардың мөлшері белгілі болды

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері белгілі болды. Бұл туралы БҚО-дағы орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

ac85ae98-f152-445a-99a3-05542b995dc8

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа шығыстар мөлшері 950 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның 450 мың теңгесі теледидардан және радиодан бағдарламаларда сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға, 300 мың теңгесі сайлау алдындағы жария шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға, 200 мың теңгесі көлік шығынына арналған.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа 550 мың теңге көлемінде шығыс мөлшері белгіленеді.

Оның ішінде: 350 мың теңге - теледидардан және радиодан бағдарламалар арқылы сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және желілік басылымдарда екі мақала жариялауға, 130 мың теңге - сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға, 70 мың теңге - көлік шығынына.

 Қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін шығыстар мөлшері 350 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның ішінде: теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және желілік басылымдарда екі мақала жариялауға- 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығынына - 50 мың теңге.

 Аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 350 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: теледидарда және радиода бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға - 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығыстарына - 50 мың теңге.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале