20.02.2023, 15:45
Оқылды: 46

Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

погода

Фото: zhaikpress.kz

Алдағы күндері ел ауа райына атлантикалық циклон ықпал етеді. Сондықтан республиканың солтүстік жартысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, тұман түсіп, жел соғады. Күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі.

"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8 градустан 7-15 градусқа дейін төмендейді, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 градус аяздан 3 градус аяз, 3 градус жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 градус аяз, 3 градус жылы ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале