21.02.2023, 9:00
Оқылды: 38

1700 астам оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңіне өтті

Биыл зияткерлік сайыс электронды форматта өтті. Жарысқа 15 мың оқушы қатысып, 1700-ден аса қатысушы республикалық кезеңде бақ сынайды.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

c9135c0abfb5bc93b9c73824be0edcb2_1280x720

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінен

Зияткерлік сайыс ақпан айының 13-18 аралығында өтті. «Дарын» РҒПО директорының м.а. Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша,
ережеге сай облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы, сондай-ақ республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады.

Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале