22.02.2023, 10:51
Оқылды: 41

Заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

"БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері контрабанданы, алкогольдің, алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Найза" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында 500-ден астам темекі блогы мен 1 тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі", - деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2023-02-22 at 11.39.31

Осы жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы БҚО Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Орал қаласының екі тұрғынынан 513 блок акцизсіз темекі заттарын тауып, тәркіледі.

WhatsApp Image 2023-02-22 at 11.39.35

Сондай-ақ, 33 жастағы азаматтың басқаруындағы "Газон" маркалы жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында бес литрлік бөтелкелерге оралған акцизсіз алкоголь өнімі табылды.

Сонымен қатар, 36 жастағы тұрғыннан 0,5 литрлік пластикалық бөтелкелерге салынған 137 бөтелке акцизсіз алкоголь табылды.

Барлық фактілер бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале