23.02.2023, 17:00
Оқылды: 54

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында «Pfizer» компаниясымен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа, Азия және Африка бойынша өңірлік директоры Озгур Язиюрт бастаған «Pfizer» делегациясымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

b419ef69309d8c52b9a44251a884a276_1280x720

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ренат Есқалиев қатысты.

Келіссөздер барысында Қазақстанда американдық компанияның болуын кеңейтудің өзекті мәселелері, оның ішінде «Prevenar-13» пневмококкты вакцинаның келісімшарттық өндірісін оқшаулау талқыланды. Американдық тарап қазақстандық нарыққа биофармацевтикалық трансұлттық компанияларды тарту үшін жергілікті заңнаманы жетілдіру жөніндегі күш-жігер туралы хабардар етілді. Өз кезегінде «Pfizer» басшылығы фармацевтикалық қызметті реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерді оң бағалады.

84046ea608ddae9b03bcbaa58f055a41_1280x720

Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан «Pfizer» американдық трансұлттық компаниясы – биофармацевтикалық нарықтың әлемдік көшбасшыларының бірі. Компанияның негізгі зерттеу орталығы Коннектикут штатындағы Гротон қаласында орналасқан.

Бүгінде компания жүрек-қантамыр жүйесі, тірек-қимыл аппараты ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерді жасаумен айналысады, антибиотиктер, виагра, иммунодепрессанттар және т.б. шығарады. 2020 жылы «BioNTech», «Pfizer» мен «Fosun Pharma» компаниялары коронавирусқа қарсы вакцина әзірледі.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале