23.02.2023, 9:30
Оқылды: 415

Бокстан ашық облыстық турнир өтеді

Оралда 23 мен 26 ақпан аралығында Орал қаласында Қазақ ССР  чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған бокстан 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнирі өтеді. Бұл туралы облыстық спорт басқармасы хабарлады.

b1bb46e2-63b7-446d-a0b5-51c428b966fc

Турнир бүгін сағат 14:00-де салтанатты түрде ашылады.

Жарысқа Астана мен Атырау қаласынан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Казталов,  Теректі,  Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының спортшылары қатысады.

Турнирге жалпы - 140 спортшы қатысады.

Аталған турнир бокс спорт түрін одан әрі дамыту және қеңінен тарату, салауатты өмір салты қағидаларын бекіту, спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Турнир Московская көшесі 18 мекен жайындағы Д. Елеусінов атындағы бокс залында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале