Бүгін Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінде «Өскелең ұрпақты әскери патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» тақырыбындағы кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесуге аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова, «Ардагерлер ұйымының» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Тұрмағамбетов, аудандағы бөлімдердің басшылары мен мектеп оқушылары қатысты.
Кештің жүргізу тізгінін қолға алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Жоламанова шараның мақсатына тоқталып, аудан басшысы Әлия Мұханбетжановаға сөз кезегін ұсынды.
Әлия Биғазықызы өз сөзінде еліміздің тарихы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін қалыптастыру міндеттерін табысты шешумен тығыз байланысты екендігіне тоқталып, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатымен Шыңғырлау ауданының тәжік-ауған соғысының ардагерлерінің төрағасы Нұрлан Аманжолұлын марапаттады.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz