25.02.2023, 0:38
Оқылды: 28

Ұлттық ойын ұлықталды

Бүгін  №3 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұлттық құндылығымыздың бірі ұлттық ойындарымызды насихаттау мақсатында ұлдар арасында "Бес табан", қыздар арасында "Бес асық" асық ойындарынан аудандық жарыс өткізілді.

IMG-20230224-WA0123

Жарысқа ауданымыздың жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары мен мектептен тыс жұмыс орталығының  оқушылары қатысты. Ұлттық ойынды насихаттаған жарыс тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша: "Бес табан" асық ойынынан Абай ЖОББМ (Б.Серікқали, М.Николай, Д.Ержанұлы) 3-орын; Жетекшісі - Н.Ажгалиев. Мектептен тыс жұмыс орталығы (Ж.Мұхамбетқали, Е.Ерсайынұлы, Б.Бисенғали) 2-орын.Жетекшісі - М.Есимов.  №3 ЖОББМ ( Р. Маратов, Ж. Мұрат, М.Бақтығали) жетекшісі - А.Молдағалиев.

IMG-20230224-WA0127

IMG-20230224-WA0129

"Бес асық" ойыны бойынша: Мектептен тыс жұмыс орталығы (Н.Сәуірғали, Ж.Жақсығали, А.Ерғали, А.Яхина) 3-орын, жетекшісі - А.Бегалиев. N3ЖОБбМ "Асық ату" үйірмесі ( А Жақсығали, Ә.Сағидолла, А.Қажиден) 2-орын, жетекшісі - Қ.Сериков. N3ЖОББМ ( С.Сақтаған, Ә.Тлекқабыл, А.Қуанышқали ) 1-орын, жетекшісі - Қ. Сериков жеңіп алды. Командалық есепте 1-орын - №3 ЖОББМ командасы; 2-орын №3 ЖОББМ үйірме командасы, 3-орын Мектептен тыс жұмыс орталығына берілді. Жарыстың бас демеушісі - жеке кәсіпкер С.Сертековтің демеушілігімен  жеңімпаздарға дәрежелі медальдар мен естелік сыйлықтар берілді. Ұлттық спортымыз асқақтай берсін!

Рая Жұмағалиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале