25.02.2023, 18:03
Оқылды: 53

Ұлттық спорт дәріптелген күн

Бүгін Шыңғырлау ауданында  «Қоғамдық жаңғырту» бағдарламасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаласын іске асыру, ұлттық спортымызды дәріптеу мақсатында ұлттық спорт түрлері: тай бәйге, құнан бәйге, топ бәйге және шашақ, жарғақ құлақ тазылар арасында аудандық ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

IMG-20230225-WA0032

IMG-20230225-WA0043

IMG-20230225-WA0031
Ашық біріншіліктің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде осындай шаралар дәстүріміздің қайта жаңғыруына зор үлесін қосады дей келе,  сынға түскелі тұрған  шабандоздарға сәттілік тіледі. Ал ауылымыздың ақсақалы Т.Жантасов сайыскерлерге ақ батасын берді.
«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, ұлттық спортымызды насихаттау мақсатында атбегілікті игеріп, жылқы баптап жүргендер қатарында тек шыңғырлаулықтар ғана емес, көршілес аудандардан да өз бақтарын сынап келушілер аз болмады. Ал өңірімізде бұрын-соңды болмаған тазы жарысын көрермендер ерекше қабылдады.
Нәтижесінде, 3 шақырымдық тай бәйгесінде:
І орынды - Катиков Мұрат, сәйгүлігі "Ханзада" (Шыңғырлау а/о);
ІІ орынды - Мажитов Даулет, сәйгүлігі "Мерей" (Тасқала ауданы);
ІІІ орынды -Жуманов Еркін, сәйгүлігі "Үміт" (Тасқала ауданы);
"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен Нығметов Бекет иеленді, сәйгүлігі "Пысық торы" (Шыңғырлау а/о).
Ал 6 шақырымды құнан бәйгесінде:
І орын - Ишанов Алмұхан, сәйгүлігі "Көзайым" (Шыңғырлау а/о);
ІІ орын - Катиков Мұрат, сәйгүлігі "Майтанқара" (Шыңғырлау а/о);
ІІІ орын - Куненов Айболат, сәйгүлігі "Саңлақ"  (Шыңғырлау а/о).
Топ бәйгесінде (12 шақырым)
І орын - Искалиев Ерталап, сәйгүлігі "Сұлтан" (Талдысай а/о);
ІІ орын - Амангереев Серікжан, сәйгүлігі "Торы қасқа"(Ащысай а/о);
ІІІ орын - Хасенов Айсұлтан, сәйгүлігі" Көк дауыл" (Шыңғырлау а/о);
Тазы жарысында:
І орын - Хамитов Ғарышкер, тазысы "Қалқан" (Ащысай а/о);
ІІ орын - Куненов Айболат, тазысы "Кербез" (Шыңғырлау а/о);
ІІІ орын - Исламбеков Дəурен, тазысы "Ұшар" (Шыңғырлау а/о)
"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен Телемгенов Азамат, тазысы "Сойхан" (Шыңғырлау а/о).

IMG-20230225-WA0028

IMG-20230225-WA0029
Жарыс жеңімпаздары Шыңғырлау спорт клубының диплом, медаль және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды. Ұлттық спортымыз бен салт-дәстүріміз дами берсін!

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале