27.02.2023, 9:45
Оқылды: 42

Түркиялықтарға көмектесу үшін Қазақстанда $10 млн астам қаражат жиналды

Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар (188,7 миллион түрік лирасы) түсті. Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

988C61D6-A5AC-459F-A831-E2B07DD5DD3C

Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкерлердің бірінің қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.

«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған қорға алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44,2 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда табиғи апат құрбандары үшін жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале