Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов бір топ ауыл шаруашылығы қызметкерлерін қабылдады. Аудандық әкімдікте ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалықтарының басшыларын Қазақстан Республикасы Фермерлері Қауымдастығының «Құрметті ардагер» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапаттау рәсімі өтті.
«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласының бірі. Сіздер осы саланың дамуына, яғни аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан осы саладағы мол тәжірибелеріңізбен алдағы уақытта жас буынмен бөлісе береді деп сенемін және еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді аудан әкімі.
Жиынға Қазақтан Республикасы Фермерлері Қауымдастығы БҚО филиалының басшысы Серік Жарылғапов қатысып, марапат иелерін құттықтады.
Шара барысында «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталғандар қатарында «Аманат» шаруа қожалығының жұмысшысы А. Ақмаев, «Шарипов С.Ж» шаруа қожалығының жұмысшысы С.Шарипов, «Аманат» шаруа қожалығының жұмысшысы М.Далабаев, «Дербісалин А.Е.» шаруа қожалығының жұмысшысы Ә.Дербісалин, «Шынбергенов М.К.» шаруа қожалығының жұмысшысы М.Шынбергенов, «Нұрманов Б.Ж.» шаруа қожалығының жұмысшысы Б.Нұрманов болды.
Аталмыш қауымдастықтың Құрмет грамотосымен «Беріш» шаруа қожалығының басшысы О.Бақбасов, «Дусинбаев Г.С.» шаруа қожалығының механизаторы Р.Сауленов марапатталды.
Ауданның белді кәсіпкерлерінің бірі, «Аманат» шаруа қожалығының басшысы Бақыт Далабаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Құрмет грамотосымен марапатталды.
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы