22-28 ақпан күндері Қостанай қаласында шаңғымен жүгіруден жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Жарысқа Астана қаласы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан барлығы 312 спортшы қатысты.
24 ақпан күні шаңғышылар «Спринт қашықтығы» бойынша жарыс жолына шығып, ересек топтағылар арасынан жерлесіміз Еділбек Елубаев алдына қарсылас түсірмей чемпион атанды. Жарыстың төртінші күні, яғни 28 ақпанда классика әдісі бойынша 7,5 шақырым қашықтықта сынға түскен Еділбек күміс медаль иегері атанды.
Айта кетейік, Еділбек Елубаев — Переметный ауылының тумасы. Қазіргі танда Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 1-курс студенті. Шаңғымен жүгіруден спорт шеберіне үміткер. Оның бапкері Серік Хайруллиннің айтуынша, Еділбек – болашағынан зор үміт күттіретін спортшы.
Гүлжаз Баделова
Бәйтерек ауданы