Алғыс айту күні – ұлттар арасындағы үндестік, сыйластық, өзара сенімділікті дамыту мақсатымен 2016 жылдан бері аталып келе жатырған ерекше мейрамдардың бірі.
Бүгінгі таңда бір-бірімізге жылы сөз айтып, жақсылық жасау, жылулық сыйлау қоғамымызға артық етпейтіні анық. Басқаға жылу сыйлау үшін, алдымен өзімізге, әр күнімізге риза болуымыз керек. Адамдарға алғыс айту – бұл әлемді жақсы көрудің, сүйіспеншілікпен қараудың алғашқы баспалдағы.
Осы орайда менде өз алғысымды жанымдағы жақсыларға білдіргім келеді. Ең алдымен әр күнімді жылуға бөлеген отбасыма, құрбыларыма, достарыма алғыс айтамын.
Еңбек жолын жаңа бастаған жас маман ретінде, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, әр бастамама қолдау білдіріп отыратын әріптес ұстаздарға мың алғыс!
Мерекемен басталған мезгілдің әр күні қуанышқа, бақытқа толы болсын!
Бір-бірімізге деген жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерімізді білдіріп, әрдайым жылулық сыйлап жүрейік. Әлем бізбен нұрланады.
Жанбота Еділбаева,
Жайық НМ бастауыш сынып мұғалімі