1.03.2023, 18:32
Оқылды: 47

Теректіліктер Алғыс айту күнін атап өтті

Теректі ауданында Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға аудан әкімі Тілек Габдушев, аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Досмақов пен Дамир Ғұмаров, мәдениет саласының үздігі Әлжан Нұрғалиев, ауданның құрметті азаматтары, этномәдени орталық жетекшілері мен мектеп оқушылары қатысты.

1D0BF7D7-B81F-4B5E-89A8-0F58C6CD4677

Жүздесу барысында сөз алған аудан басшысы Тілек Александрұлы:

– Көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту мерекесі. Осы орайда ауданымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін.

Теректі ауданы – сан алуан ұлтқа ұя болған қасиетті шаңырақ. Бүгінде ауданда 29 ұлт өкілі тату-тәтті ынтымақта өмір сүріп жатыр, - деді өз сөзінде.

D6CB037D-C482-4B77-B3A9-C346AB7D54B4

Одан әрі ауданның құрметті азаматы Любовь Лымарева мен ішкі істер бөлімінің ардагері Эльдар Хабибуллинге алғыс хат табыстады.

Жиыннан соң аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы мен Теректі ауылдық округінің әкімі Әсет Сәбитұлы ақсақалдардың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Олардың қатарында Александр Попов, Владимир Журавский, Сағидолла Бисенғалиұлы бар.

58330765-FFD1-4860-8DA6-3F312ED45242

Мерекемен құттықтаған басшылыққа қариялар өз алғыстарын білдірді.

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале