1.03.2023, 23:03
Оқылды: 9

«Алғыс айту – парызым»

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Алдымен аудан әкімі Дархан Закарин құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

IMG-20230301-WA0218

- Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде еліміздің дамуы жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Сонымен қатар түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.

IMG-20230301-WA0219

Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашан да әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.

IMG-20230301-WA0216

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, - деді аудан әкімі Д.Әмірханұлы.

IMG-20230301-WA0220

Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары мен бишілері концерттік бағдарламаны әнмен әуелеп, бимен әрледі.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале