Бүгін Жаңақала аудандық ауруханасында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана - өмірдің шуағы» атты шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов, медицина саласының ардагер аналары және әйелдер кеңесінің мүшесі, аурухана психологы
Анаргүл Ишанова қатысты.
Салтанатты жиынды Айбар Негаев "Ана туралы жыр" әнімен ашты. А.Нұрғалиқызы денсаулық сақтау
саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақ халаттыларды мейрамдарымен құттықтады.
Ардагерлерге арнап арнайы дастархан жайылып, игі тілектер арналып, гүл шоқтары табысталды.
Жиын барысында Наргиза Сүндетқалиева «Әйел бақыты», Уәли Есмақов «Анамның ақ
жаулығы» әнін тамылжыта шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Зейнеткер дәрігерлер жұмыс барысындағы қиыншылықтар мен қызықты оқиғалармен бөлісіп, арқа-жарқа болып тарқасты.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz