Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, ақын Адақ Шотпановтың 65 жасқа толуына орай «Шыңғырлауын ән - жырына бөлеген» атты шығармашылық кеші өтті.
Кештің тізгінін қолға алған Самат Байболат шараның басты қонағы Адақ Танабайұлынан жастық шағы, жұмысы мен асаба қызметі туралы рет ретімен әңгіме өрбітіп отырды.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев туған күн иесін құттықтап, аудан әкімі атынан алғыс хат табыс етсе, Орал қаласынан арнайы келген облыстық тарихи өлкетану музейінің директорының орынбасары Ажар Берікқалиқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Самиев, қызметтес болған әріптестері, достары өздерінің игі тілектерін жеткізді.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz