6.03.2023, 22:38
Оқылды: 36

Кәсіпкерлердің жақсылығы таусылмасын

Жәнібек ауданының кәсіпкер әйелдері 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай жәнібектік, көпбалалы ана Мейрамгүл есімді келіншектің сырт келбетін өзгертіп, жаңа образ жасап берді.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.21.06

-Мейрамгүл аз қамтылған отбасы санатына жатады. Әрине, әйел болғаннан кейін әдемі болғың келеді. Ал Мейрамгүлде біресе қаражат, біресе уақыт жетпейді. Осыдан екі ай бұрын Жанар есімді нәзік жанға жаңа образ сыйлап едік. Енді, мінекей Самал Гайсина, Зайнолла Ғұбашев, Ақжарқын Омарова, Анар Өтешева, Гүлфия Қауденова, Армат Мырзашев және өзім бар команда қайтадан бас қосып, жақсылық жасауға асықтық,-дейді Майгүл Наурызалиева.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 20.37.29

Мейрамгүлдің жаңа шаш үлгісін жасап, бет-жүзі мен тырнағын әрлеп берді. Сондай-ақ оған әдемі, соңғы үлгідегі көйлек сыйлады. Басқа кейіпте өзін айнадан көрген Мейрамгүлдің жүзіне күлкі үйіріліп, қатты қуанды. Ол үйіне барған кезде кішкентай бөбегінің оны танымай, біраз уақытқа дейін анасына көз алмай қарағандығын айтты.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 20.37.27
Әлемді мейірімділік құтқарады. "Әйел күлсе, бүкіл әлем күледі" деп бекер айтпаған.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале