7.03.2023, 23:04
Оқылды: 18

Әлемге нұр сыйлаған арулар мерекесі

Бүгін С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада «Сырғалым» журналының екінші саны жарық көріп, ауданымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандар алғысхатқа ие болды. Әлемге нұр сыйлаған арулар мерекесіне арналған кешке аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысты.

20230307072100_IMG_8084

Кешке жиналған көпшілік алдымен «Сырғалым» аудандық журналының екінші санының тұсаукесер рәсімінің куәсі болды. Журналға есімі еніп, еңбегі еленген азаматшалар да ортадан табылды. Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы журналды көпшілікке таныстырып, бұл дәстүрге айналатұғын үрдіс болып қалыптасатындығын атап өтті. Әйелдер журналының таныстырылымынан соң аудан әкімі нәзік жандардың қолөнер туындыларымен танысты. Содан соң киелі сахна төріндегі өнерпаздардың өнерін тамашалап, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады.

20230307063627_IMG_7991

-Нәзік жандардың үлкен жүректілігі, адал ниеті мен келісімге құштарлығы қоғамымызда тұрақтылық пен береке-бірліктің сақталуына елеулі үлес қосып отыр. Ұрпақ тәрбиелеу ісіне, шаңырақтың шаттығын еселеуге, жұмыста жағымды ахуал қалыптастыруға бар күш-жігерін жұмсайтын да біздің әйел-аналарымыз. Сондықтан ежелден-ақ сіздерді отбасының ұйытқысы, бейбітшілік пен достықтың сақшысы деп білеміз. Көктеммен қатар келген мерейлі мерекеде сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, мағыналы ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Әрбір атқан таң отбасыңызға ырыс пен бақ, қуаныш пен табыс әкелсін. Мереке құтты болсын!, - деді аудан әкімі.

20230307075026_IMG_8128

Мерекелік кеш барысында Галина Сергейқызы, Гүлжиян Гарифқызы, Фарида Мустахимқызы, Ғалия Жиенғалиқызы, Самал Батырхайырқызы, Гүлнар Оразтайқызы, Ләззат Анисқызы, Армангүл Батырбекқызы, Венера Бақытжанқызы, Қарлығаш Қабылханқызы, Гүлдана Хамитқызы, Гүлназ Меңдібайқызы, Аниса Сұлтанқызы, Айгүл Маратқызы, Айда Жасұланқызы, Толқын Ойратқызы, Гүлайым Хабидоллақызы, Айгерім Уалиқызы, Ботагөз Қажымұратқызы, Аягөз Қанатқызы, Қазына Серікқалиқызы, Айжан Нұржанқызы, Эльмира Азаматқызы және ұзақ жылдар білім саласында қызмет еткен Алия Зербиқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

20230307073037_IMG_8096 (1)

Сондай-ақ әсем сазды кешті үлгілі «Қыз Жібек» ансамблі, ауданымыздың мәдениет майталмандары әуезді әндерімен әрлеп, «Қарлығаш» би ансамблі ырғақты биімен әрледі. Арулардың төл мерекесінде қазақ қызы мен келіншегінің, ақ жаулықты аналардың киім үлгісі де таныстырылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале