Көзі қарақты оқырмандардың есінде болар, аудандық “Сырым елі” газетінің өткен санында Жымпиты ауылдық округі тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қосылғандардың қажырлы еңбегі жөнінде мақала жазылды.
Нәтижесінде қысы - жазы бір тынбай, еңбек ететіндердің қимылдары жоғары басшылықтың назарына ілігіп, бір топ азаматшалар 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында марапатталды.
Ауылдық округтің әкімі Мейрам Қайырғалиев ақылы қоғамдық жұмыстағы қажырлы қимылдары үшін азаматшаларға ризашылығын айтып, алғыс хат және бағалы сыйлықты әкімшілік тарапынан тарту етіп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Еңбектері еленген мұндай жандарға құрметтің қандай түрі көрсетілсе де артықтық етпес еді.
Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz