Сырым ауданынының мәдениет үйінде “Ана деп көркем жыр төккен, армысың ару нұр көктем” атты салтанатты мерекелік шара өтті.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, көпбалалы аналарға төсбелгі, ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік, саяси-рухани салаларында белсенділік танытып жүрген әртүрлі саладағы бірқатар қыз-келіншектерге аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Салтанатты жиын, көңілді мерекелік концертке ұласты.
Концертте мәдениет саласынан өзге мекемелерде қызмет ететін әуесқой әншілер қауымы “Гүл сыйлайық әйелге”,”Бақыт жайлы”, “Поговори со мною, мама”, ”Көзің әдемі”, “Бауырым, ата-анаңның қалы қалай?”, “Ана” әндерін тамылжыта салса, үлгілі “Жауқазын”, “Аружан” би ансамбльдері, ауданның белсенді жастары би билеп көрермен көңілін көтерді.
Ал, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушыларынан құралған хор “Ана ұстаз” әнін шырқаса, аталмыш орталықтың шәкірттері “Alem бэнд” гитаристер тобының “Миллион алых роз” композициясына нәзік жандылар қосыла орындады.
Кешке келген тұрғындар дән риза күйде тарқасты.
А. Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz