9.03.2023, 13:00
Оқылды: 131

Мектеп психологтары отбасылармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйренеді

Мектеп психологтарына отбасылармен жұмыс істеудің жаңа әдістеріне үйретіледі, деп хабарлады Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты.

Мыңнан аса мектеп психологтары әртүрлі типтегі отбасылармен жұмыс істеудің тиімді форма, әдістерін меңгереді, бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазды.

d831623a-b0c7-4ef6-afd7-ab049feb3c9c

Оқыту 9 наурызда сағат 15.00-де Facebook парақшасында онлайн режимінде өтеді. https://www.facebook.com/Orkeninstitut.

«Психологтарды ата - аналарды тәрбиелеу процесіне тарту және «Мұндай шараны «Мектеп - отбасы» жүйесінде өзара бірлескен іс-қимылды қалыптастыру және тиімді әдістемелерге оқыту үшін өткіземіз», – дейді Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.
Айта кетейік, вебинарға білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік педагогтер, психолог, сынып жетекшілері, кураторлар мен тәрбиешілер қатысады. Оқу барысында спикерлер қатысушыларының барлық сұрақтарына толық жауап береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале