10.03.2023, 9:01
Оқылды: 75

Бірнеше өңірде күн жылиды

Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

e9ce0ba5-b01f-489b-8425-d2915269e5c3

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елдің басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклонның ықпалында болады.

Синоптиктер атап өткендей, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтілетін атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің батысы мен солтүстігі арқылы ғана өтеді.

Мамандардың болжамына қарағанда, республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында боран, тұман, көктайғақ болады.

Астанада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 2-7 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз 0,+2°С болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1 + 3°С, күндіз + 14 + 16°С.

Шымкентте ауыспалы бұлттылық сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале