9.03.2023, 17:15
Оқылды: 14

Сайлау – елдің ертеңін ойлау

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының инфрақұрылымдық дайындығын тексеру, процеске қатысушыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Сырым ауданының орталығы Жымпитыда семинар өткізді.

IMG-20230309-WA0112

Семинарға Сырым және Қаратөбе аудандарындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары, аудандық және аумақтық сайлау комиссияларының құрамы қатысты.

Сырым аудандық орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, ауданда 10 977 сайлаушы бар. Олардың саяси таңдауларын оңай, ыңғайлы әрі қауіпсіз жасауы үшін ауданда 11 округтік, 29 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. №7 Батыс Қазақстан облыстық округтік сайлау комиссиясы да Сырым ауданында орналасқан. Бұл округке Сырымнан бөлек, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының сайлаушылары кіреді.

Жиында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Асыланбек Ғұбашев, Фархат Хайретдинов, оқу орталығының директоры Эльмира Кусмурзиева әріптестеріне сайлауды заңға сай ұйымдастыру туралы дәріс оқыды.

Бауыржан Ширмединұлы

 

Суреттерді түсірген: Айман Өтеғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале