9.03.2023, 21:01
Оқылды: 50

Туберкулезден сақ болайық

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында 24 ақпан-24 наурыз аралығындағы айлық жоспарға сай Жаңақала аудандық орталық ауруханасында туберкулездің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

20230309_162839

Іс-шараға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Нұркен Бисенбай және жетекші маман Светлана Иманғалиева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы Айзада Әбілқасымова, аурухананың фтизиатр дәрігері Оразгүл Кубесова, отбасы жоспарлау кабинетінің меңгерушісі Айнұр Бірманова, дәрігер эпидемиолог Айдана Абай және аурухананың психолог маманы Анаргүл Ишанова қатысты. Жиын барысында О.Кубесова туберкулездің алдын алу шаралары жөнінде мәлімет беріп өтті.

IMG_9006

-ҚР профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесіне сай дүниеге келген 1-4 күн аралығында және 6 жаста, яғни 1 сыныпта туберкулезге қарсы екпе салынады. Қазіргі таңда бұл екпеден бас тартушылар саны азаймай тұр. Бұл ауру түрі өкпе туберкулезімен ауратын науқаспен қарым-қатынасқа түскен соң дамуы мүмкін. Жөтел, дене қызуы, ентігу, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту және тершеңдік туберкулез ауруының белгілері болып табылады. 2021 жылы туберкулезбен аурығандар саны – 15 болса, 2022 жылы 13 адам тіркелді. Сондықтан профилактика үшін 1 жылда 1 рет тексерістен өтіп тұрған жөн, - деп сөзін қорытындылады фтизиатр дәрігер.

20230309_162751

Одан әрі А.Бірманова мектеп әкімшіліктерімен хабарласып, туберкулез жөнінде балаларға мәлімет беріп, диктант жазғызуға ықпал ететінін жеткізді. Ал С.Иманғалиева бұл жөнінде іс-шаралар, түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқанын және алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Н.Дүйсенбаева

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале