Бүгін Сырым ауданында “Жайық толқыны - 2023” өлкетану фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді, мәдениетті дәріптеуді мақсат тұтқан Сырым аудандық білім беру бөлімінің “Жас туристер станциясының” ұйымдастыруымен өткен фестивальге 16 командадан 80-ге жуық оқушы 6 аталым бойынша қатысып, бақтарын сынады.
Олар - “Жас көркемсөз оқу шебері”, “Жас шебер”, Жас дизайнер”, “Жас күйші”, “Жас аспаз” және биылғы жылдың ерекше аталымы “Жас мобилограф”.
Көркемсөз оқу номинациясында ІІІ орынды Айымгүл Ғұсманова, ІІ орынды Ақбота Қайырлы, І орынды Сырымбек Оразбек иеленсе, “Жас шебер” аталымында ІІІ орын Инабат Бейбітке, ІІ орын Айкөркем Мусинаға, І орын Мақсат Мақсотқа бұйырды.
“Жас дизайнер” аталымында Аяулым Ғайнолла ІІІ орынға, Гүлім Смағұлова ІІ орынға, Қарақат Нығметжан І орынға, “Жас күйші” атағына Ибраһим Әділжанов, ІІ орынға Мадияр Асығап, ІІІ орын Әмірхан Абай лайық деп танылды.
Бармағынан бал тамған “Жас аспаз” аталымында Гүлнұр Қази І орынды, Алтынай Нұрмұханбет ІІ орынды, Алтынгүл Бауыржан ІІІ орынды қанағат тұтса, жаңа аталым, болашақ мобилографтар арасында ІІІ орынды Гүлден Ерболқызы, ІІ орынды Әсел Елтай өзара бөлісіп, Нұрлыбек Бисен оқ бойы оза шауып “Жас мобилограф” атанды.
Одан бөлек, қатысқан 16 команда ішінен суырылып шыққан Қызылағаш негізгі орта мектебі ІІІ орынды, аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы ІІ орынды, М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушылары І орынды өзара бөлісті.
Аталған жеңімпаздар ағымдағы жылдың 29-31 наурыз аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz