12.03.2023, 12:35
Оқылды: 38

Су басу қаупі бар аймақтар бақылауға алынды

Кеше Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов, «Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді.

9521ABEB-1D0D-4FD5-AED7-A4E165E81697

Фото: www.gov.kz

Ұшу барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттеліп, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.
Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см.-ды құрап отыр, елді мекендерге қауіп жоқ.
Сонымен қатар бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м³ (барлығы 103 839 м³).
Орал қаласында, Теректі және Сырым аудандарында қар шығарылды. Тәулігіне - 8338 қар (барлығы - 319915 м³ қар).
Сонымен бірге 535 жерде мұз бұрғыланды, 230 м² мұз кесілді, 690 қапшық төселді, 2,8 км арықтар мен 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале