13.03.2023, 15:15
Оқылды: 138

Париж - 2024: Олимпиаданың басталуына 500 күн қалуына орай эстафета өтеді

14 наурызда келесі жылы Парижде өтетін олимпия ойындарының ашылуына 500 қалуына орай әлемнің 40 шақты қаласында «Жер шары эстафетасы» өтеді.

Бұл туралы kazsports.kz сайтында хабарланды.

e328262e-8dec-421c-8191-8b06b374b523

Жарыс Жаңа Зеландияда басталып, Океания, Азия, Еуропа жəне Америка құрлығындағы елдерден өтіп, Француз Полинезиясындағы Таити аралында аяқталады. Бұл қатарда Қазақстан эстафетаны Бирма мен Таиландтан алып, Шри-Ланкаға табыстайды.

Биыл эстафета Алматы қаласындағы спорттық дайындау кешенінде өтеді (Абай даңғылы, 159). Атап айтқанда, оған Есенберлин атындағы №25 мектептің, №15 мектептің, Алматы қаласы Халықаралық мектебінің жəне Almaty Judo Club дзюдо клубының оқушылары қатысады.

Сондай-ақ, жастар қазақ және француз жаттықтырушылары тығыз жұмыс істейтін спорттың екі түрі – дзюдо мен каратэнің көрсетілімдерін тамашалай алады. Сосын, іс-шара 2024 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылған брейк-данс спорт түрімен аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Жер шары эстафетасы» елімізде былтыр 6 сəуірде Халықаралық спорт күніне орай Астана қаласында өткен. Оған 100-ге жуық Шарль де Голль француз мектебінің, Француз альянсының жəне Құрманов атындағы №17 мектептің оқушылыры, көптеген қазақстандық чемпион қатысты.

 

Бұл эстафетаны Париж-2024 Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті, Францияның Еуропа жəне сыртқы істер министрлігі мен Францияның Қазақстандағы елшілігі бірлесіп, ұйымдастырып жатыр. Мақсаты – достық, құрмет, əділдік сынды құндылықтарды, үздік, тиянақты және инклюзивті (дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғаммен бірге болуға үндеу) болуды насихаттау. Іс-шара 24 сағатқа созылып, 24 сағат белдеуін толық қамтиды.

Франция астанасы осыған дейін 1900 және 1924 жылы жазғы Олимпиаданы қабылдаған. Ал 1968 (Гренобл) бен 1992 жылы (Альбервилл) қысқы ойындардың орталығы болған.

Эстафетаның толық бағдарламасы мына жерде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале