14.03.2023, 15:00
Оқылды: 12

«Sandyq» ұжымы халыққа ақ ұсынды

Бүгін халқымыздың ежелден келе жатқан төл мерекесі – Көрісу күні.

20230314050941_IMG_8252

Батысқазақстандықтар арасында кеңінен таралған көрісу айт мерекесі соңғы уақыттары амал мерекесі ретінде елімізде кеңінен аталып жүр. Бұл халықты бірлікке шақырып, ынтымағын арттыратын ұлық мереке.

20230314050539_IMG_8236

Айтулы мерекеге орай аудан орталығындағы «Sandyq» супермаркетінің ұжымы ұлттық киім киіп, бір-бірімен көрісіп, халыққа ұлттық сусынымыз көже мен бауырсақ ұсынды. Кәсіпкерлік нысанның тұтынушылары да супермаркет қызметкерлерімен емен-жарқын жүздесіп, төс қағыстырып, көрісті. Ізгі бастамаға Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов та қатысып, ұжымды және ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. «Жансая» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Гүлнар Тайгаренова бұл мереке халықтың бірлігін арттыратындығын атап өтті.

20230314050449_IMG_8229

-Көрісу күні – халқымыздың ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл мерекеге Наурыздың бастауы ретінде қараймыз. Бүгін ұжыммен бірге ұлттық мерекеде халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, киімін, тағамын насихаттау мақсатында айтылған іс-шараны қолға алдық. Көрісу айт мерекесі халықтың ынтымағын арттырып, көктем мезгіліне шырай беретін ерекше мереке, - деді ол.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале