15.03.2023, 11:45
Оқылды: 59

178,9 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

13 наурыздағы мәліметке сүйенсек,  2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мың адам қатысқан.  Жұмысқа кірген 131,4 мың адамның 38,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

7544a4c6194779029d6ee0d0346a872d_1280x720

Субсидияланатын жұмыс орындарына 92,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,8 мың адам, жастар практикасымен 4,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 69,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 44 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 7,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 6,9 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 47,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 36,1 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 29,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале