Бүгін Жаңақала ауданы орталығындағы рухани орталықта аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге аталған орталық басшысы Асылан Оразалиев, орталық мамандары, мекеме басшылары және жұмыс іздеуші тұрғындар қатысты.
-Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі орталықтың әр тоқсан сайын өткізіледі. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыссыз ауыл тұрғындарын бетпе-бет кездестіріп, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру. Бұл жиын ауданда жұмыссыздық деңгейін барынша азайтуға бағытталған. Жұмыс іздеушілер хабарландыру тақтасында көрсетілген керек мамандықтар бойынша мекеме басшыларына жолығып, түйіндеме тапсырсаңыздар болады, - деді шарада Асылан Қанатұлы.
Жалпы 12 мекемеден барлығы 15 бос жұмыс орыны ұсынылды. Нәтижесінде Мәстексай ауылдық округінің «Алтын сақа» бөбекжайына күзетшілікке Асылбек Мұхамбетов және аудандық аурухананың ағаш ұстасы қызметіне Мақсот Бухатаев тұрақты жұмысқа орналасты. Кей мекеме басшылары 4-5 түйіндеме тапсырылғандықтан, көрсетілген нөмірлерге хабарласып, сұхбатқа шақырылатынын жеткізді.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
Zhaikpress.kz