«Жырдың басы– әз-Наурыз!» осындай атаумен Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында облыстық оқушылар айтысы өтті.
Атамұра өнерді ардақтайтын шараны қалалық мәдени-ағарту бірлестігі мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырды.
Жыр сайысына Сырым ауданының атынан жас ақын, Ж. Ерман атындағы айтыс мектебінің шәкірті Нұрым Амангелді қатысып, тайпақтық Абзал Наурызғалимен айтысты.
Екі дос әзілдесе сөз жарыстыра отырып, ел назарындағы – сайлау, су тасқыны, сапасыз жолдар, ауыл – мекендерден халықтың көшуі секілді әлеуметтік мәселелерді жыр арқауы етті.
Нұрымға қалалық мәдениет бөлімінің басшысы С. Қайырлиев Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың алғыс хатын табыс етті.
zhaikpress.kz